«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЛАВЯН МӘДЕНИЕТІНІҢ КЕШІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында славян және орыс мәдениетінің “Покровский перезвон” атты сегізінші облыстық фестивалі өтті. Кеште өңіріміздің 20 шығармашылық ұжымынан бөлек Астана қаласынан келген өнер ұжымы өз әндерімен көрермендерді тәнті етті. Айта кеткен жөн, аталмыш шара 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Бұл шара славян халықтарының мәдени, рухани өмірінің ажырамас бір бөлшегіне айналған. Сондықтан оған қатысуға ниет білдіргендер қатары жыл санап артып келеді.  

– Сіздерді дәстүрлі славян халықтарының “Покровский перезвон” атты фестивалінің өткізілуімен құттықтаймын. Бұл шара – өңірімізде тұрып жатқан барлық этностардың басын біріктіретін ортақ мереке, – деді аталмыш шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова.

Сондай-ақ, концертке жиналғандарды Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир құттықтап, барша халықтарға игі тілегін жеткізді. “Покровский перезвон” славян халықтарына ортақ діни мереке болғандықтан, шараға украин, орыс ұлтынан казачестводан құралған ұжымдар атсалысты. Бұл күні жергілікті және өзге қалалардың өнер ұжымдары әзірлеген концерттік бағдарламаны көрермендер зор ықыласпен тамашалады.

– Біз бұл фестивальға қатысу үшін Астанадан арнайы келдік. Репертуарымыздағы әндер көп. Алайда, оның ішінен 2 шығарманы әкеліп отырмыз. Оның бірі – Сергей Трофимовтың “За тихой рекою” және Владимир Опариннің “Не пыли, дорога” әндері. Олардың тарихы мен сөз саптаулары байқау тақырыбы мен талаптарына сай. Сахнадан төгілген жырды солтүстікқазақстандық өнерсүйер қауым ыстық ықыластарымен қарсы алды, біз соған ризамыз. Тыңдармандарымыздың көңілінен шықсақ, біз үшін одан асқан бақыт жоқ, – дейді “Раздолье” орыс-казак әндері ансамблінің көркемдік жетекшісі Ирина Коломеец.

Тәуелсіз Қазақстан бірнеше этностарға ортақ мекен бола білді. Ал осы іспеттес фестивальдар халықтар достығы мен бауырластығын нығайта түсері сөзсіз.

Самат ЕСМАҒИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp