«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

Павел ГОНЧАР

1905 жылы Чернигов облысының Смолянка селосында туған. Ұлты украин. 4 сынып бітірген. 1907 жылы оның ата-анасы Сергеев ауданының Семиполка ауылына көшіп келеді. 1935 жылы тракторшы болды, ал бес жылдан кейін колхозшылар оны “Пламя” колхозының төрағасы етіп сайлады. 1941 жылдың шілде айында ол әскер қатарына шақырылып, Петропавл қаласында жасақталып жатқан 314-ші атқыштар дивизиясына жіберіледі.{jcomments on}


1942 жылғы 17 сәуірдегі Свирь – 3 кенті маңындағы ұрыстар кезінде алаңдарды миналардан тазартып жүрген П.Гончар біздің істен шыққан “Т-34” танкісіне қарай оны жойып жіберу мақсатымен келе жатқан жау солдаттарын байқап қалады. Павел Иванович жаудың жолын бөгеп, сегіз солдаттың көзін құртты.  

 

Күтпеген тосқауылдан естерін жиған жау жалғыз пулеметшіге қарсы оқ жаудырды. Жау солдаттарын жақындатып алып, Гончар қайтадан пулеметін іске қосты. Бұл жолы да жау ұрыс алаңында өлген – 30, жараланған 70 солдатын, бір станокты және екі қол пулеметін қалдырып, кейін шегінді.

1942 жылдың қыркүйегінде аға сержант П.Гончар 212 минаны алып, жол ашып, біздің бөлімшелердің ілгері жылжуын қамтамасыз етті.

1943 жылдың қаңтарында жерлес жауынгер 129 минаны алып, біздің танктердің алға басуына екінші рет жағдай жасады.

Осы шайқаста көрсеткен қаһармандығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 1943 жылдың ақпан айында Павел Иванович Гончарға Кеңес Одағының Батыры атағын берді.

1943 жылдың 12 қаңтарында қанды шайқаста қаза тапты. Ленинград облысындағы Синявино кентіндегі туысқандар зиратына жерленді.

Туған жерінде батырдың мүсіні қойылды.

Сергей ГУДЕНКО

1915 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Калдоман ауылында туған. 1936 жылғы қараша айында С.Гуденко әскер қатарына шақырылды.

Көпбалалы шаруа отбасында дүниеге келген Сергей балалық шағында бастауыш білім де ала алмай қалды. Әскер қатарындағы жауынгерлік қызметі ликбез курсымен бірге өтті. Әскерде Сергей үлгілі пулеметші болып, комсомолға өтті.

Хасан көлінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін қызыләскер Сергей Гуденкоға 1938 жылы 25 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1939 жылы Қиыр Шығыс әскери округі Сергей Гуденконы Киевтің жаяу әскер училищесіне жіберді. Оны бітірген жас лейтенант шекарада жаңадан жасалған доттар іске қосылып жатқан қорғаныс ауданына қызметке келді. Училищенің түлегі пулемет взводының командирі, “Кровель” дотының коменданты болды.

Соғыстың алғашқы күндері пулемет взводының жауынгерлері қарсыластың көптеген шабуылына тойтарыс берді. Газқағарларын жүре шешіп тастай сала олар жауға ұмтылды. Алдарында гимнастеркасының омырауында Кеңес Одағының Батыры жұлдызы жарқыраған лейтенант келе жатты. Жаудың жартысын жойып, жартысын орманға қашырып, қорғаушылар қайтадан дотқа бекініп алып, қайталанған шабуылдарды тойтарып отырды. Тек жаудың ауыр артиллериясының соққысы ғана доттың үнін өшіргендей болды.

Өз өміріндегі ең соңғы осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры Сергей Гуденко қаза тапқаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен наградталды. Оның есімі туған жері – Мамлют ауданының Дубровное ауылындағы мектепке және Петропавл қаласындағы көшеге берілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp