«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕКИНДЕГІ ПАРАЛИМПИАДАДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Қазақстан құрамасынан Паралимпиада ойындарындағы биатлон жарысына  (10 шақырым)   қатысып жатқан жалғыз спортшы Александр Герлиц қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық биатлоншы жарыс жеңімпазынан 1:25.6 көрсеткішпен  артта қалды. Бұған қоса 3 рет мүлт кеткен. Бірінші орынды канадалық Марк Арендз алса, күміс медаль украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.

Бұл паралимпиада ойындарындағы Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жүлде екенін естеріңізге сала кетейік.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp