«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстанда 12 оқушы коронавирус жұқтырды

Солтүстік Қазақстанның 8 білім ордасында 12 оқушының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

“Солтүстік Қазақстанда 8 білім ошағында індет тіркелді. Смирнов ауылындағы орта мектепте, “Булаев балабақша кешенінде”, №44-ші орта мектепте, № 10-шы орта мектепте, “Бест” гимназиясында және Булаев орта мектебінде бір-бір жағдайдан анықталды. Ленин атындағы орта мектепте 2, “Дарын” мектеп-лицейінде 4 жағдай тіркелді”, деді Б. Қожахметов. 
Оның айтуынша, аталған білім орындарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді. Ауру белгісі бар адамдардың барлығы 14 күнге оқшауланды. 


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp