«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік- қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

Николай ЗАБЕЛКИН

1923 жылы Айыртау ауданындағы Восточное ауылында туған. Оның ата-анасы көп ұзамай Челябі қаласына көшіп барып, Николай Иванович сондағы мектепте оқыды, одан кейін электромеханикалық техникумды бітірді.

1941 жылы өз еркімен майданға аттанды. Барлаушылар командирі Н.Забелкин Днепродзержинск қаласының тұсында Днепр өзенінен өткенде ерліктің үлгісін көрсетті.

3-ші Украин майданы 46-шы армия 58-ші гвардиялық миномет полкінің дивизион барлауының бастығы болған лейтенант Донецк облысында жаудың талайын отқа орады.  

1943 жылы гвардия лейтенанты Днепрден өту кезінде ерлік көрсетті. Ол бірінші болып арғы жағаға өтті. Бұл жотадан айрылу фашистерді тұйыққа тіреді. Оларға танкілер де көмекке келді. Жау жердің әр шаршы метріне қорғасын жаудырды. Біздің жақтан шығын көп болды. Сол кезде лейтенант Н.Забелкин рация арқылы өзінің координатын хабарлады. Танктер жалындап жана бастады. Ол госпитальда емделгеннен кейін 1944 жылдың жазында қайтадан қан майданға кірді.

1944 жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Лейтенант Н.Забелкин Вена мен Будапешті азат ету жолындағы шайқастарға қатысты.

Соғыстан кейін Мәскеуде тұрды.

Екі рет Отан соғысы орденімен, медальдармен және бір шетел орденімен марапатталды.

Виктор ДОВЖЕНКО

Орынбор облысының Ташла ауылында туған. Кейін Жамбыл ауданындағы Симаки ауылына көшіп келіп, мектепте мұғалім болды. 1940 жылы қыркүйекте В.Довженко Қызыл Армия қатарына шақырылды. Украинадағы Ішкі Істер Халық Комиссариаты (НКВД) әскерінің №228 полкіне жіберілді. Екінші дүниежүзілік соғысқа 1943 жылғы ақпаннан бастап қатысты.

1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірді. 1943 жылдың 15 ақпанында қан майданда жараланды. Сол жылдың жазында Орталық майдандағы ұрыстарға қатысты. Одан кейін яғни 1943 жылдан 1945 жылдың 4 наурызына дейін бірінші Белорус майданында шайқасты.

1945 жылғы 15 ақпанда 1281-ші атқыштар полкінің автоматшылар ротасының командирі аға лейтенант В.Довженко өз ротасымен Висла-Одер операциясына қатысты. Сол жолы фашистердің көбі жойылды. Бесеуі тұтқынға алынды. Қалғандары қашып кетті.

Аға лейтенант Крубин деген селоның тұсында 15-20 адамнан тұратын жаудың тағы бір тобына жолықты. Пулеметпен, автоматпен қаруланған олар жалғыз автоматшысы бар Н.Довженкоға қатты қарсылық көрсетті. Екі сарбаз олардың үшеуін бірден мұрттай ұшырды. Қалғандары қашып құтылды.

16 қаңтарда өжет офицер Нова-Двур қаласы маңына Висла өзенінен өтіп, екі жауынгер үшеуі танкіге қарсы қолданылатын граната мен немістің өздігінен жүретін зеңбірегі мен екі солдатын жойды.

Кеңес Одағының Батыры атағы оған 1945 жылы 27 ақпанда беріліп, Ленин ордені мен “Алтын Жұлдыз” медалі қоса тапсырылды. Ал бірнеше күннен соң 1945 жылы 4 наурызда ол ұрыста қаза тапты. Батыр Польшадағы Вартенберг селосында жерленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp