«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

2020 жылғы 6 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты және өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарғандардың орнына 2002 жылғы 11 наурызға белгіленген ауылдық округтер әкімдерін сайлауға дайындық пен өткізу жөніндегі жұмыс жоспары мен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді.

Ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына дайындық және өткізу кезеңіндегі облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді.
Аудандық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан мекенжайлары нақтыланды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттамаларын әзірлеу жөніндегі мәселе қаралды.
Отырыста басқа да мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Облыстық сайлау комиссиясы.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының құрамы

Төрағасы Ерболат Мұратұлы Бекшенов
Төрағаның орынбасары Сергей Васильевич Калинин
Хатшысы Светлана Валентиновна Копнина
Комиссия мүшелері Лариса Болеславовна Гордеева
Мұратбек Бегайдарұлы Зейнуллин
Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков
Қанат Қосылұлы Омаров

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp