«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Солтүстік Қазақстан облысынан депутат сайлауға кандидаттарды тіркеудің қорытындылары туралы

2020 жылғы 23 сәуірде үстіміздегі жылдың 12 тамызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Солтүстік Қазақстан облысынан депутаттыққа кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы Сенатқа депутаттыққа 3 кандидатты тіркеді:

1. Ольга Валентиновна Перепечина, 1967 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Петропавл қаласында тұрады.

2. Қабиден Қайырбекұлы Сәдуақасов, 1961 жылы туған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар” РММ-і облыстық филиалының басшысы, Қызылжар ауданының Бескөл ауылында тұрады.

3. Данголе Антонасовна Могунова, 1962 жылы туған, Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрайымы, Мамлют ауданының Мамлютка қаласында тұрады.

Тіркеу үшін қажетті құжаттарын тапсырмауына байланысты екі кандидатты тіркеуден бас тартылды.

Тіркелген барлық кандидаттар сайлау бюллетеніне енгізілетін болады.

Облыстық сайлау комиссиясына сайлау заңнамаларын түсіндіру және бұзылуы туралы өтініштер түскен жоқ.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp