Құрметті депутаттар!
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық мәслихаттың депутаттары барлық деңгейдегі депутаттарды “Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз” атты бүкілқазақстандық мерекеге белсене қатысуға шақырады.
Биылғы жыл біздер, халық қалаулылары үшін ерекше – Қазақстан Республикасында өкілді органдардың құрылғанына 20 жыл. Мерейтойлық күнге арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде материалдық және моральдық түрде қолдауға мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша депутаттар тұрақты жұмыс жүргізіп отырады. Депутаттардың тындырғаны туралы көп мысал келтіруге болады: “Мектепке жол” акциясына қатысу, мектептерге спорт жабдықтарын сатып алу, жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру, науқас балаларды емдеудің ақысын төлеу, жарыстарға қатысу үшін материалдық көмек көрсету. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған акцияға қатысу олардың бастаған жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Мерекенің ұлан-асырлығына, қиялымыздағы жаппай қуанышқа қарамастан, көптеген балалар қолдау мен қорғауды қажет ететінін де ұмытпауымыз қажет. Өкінішке қарай, балалардың барлығы бірдей бұл мерекелі күні күлкі мен қуанышқа бөлене алмайды.
Кейбір балалардың жүзіне көз тоқтатсаңыз, оларды билеген үрей мен күйзелісті көруге болады. Сондықтан жылы сөз бен күлімдеген жүзіңіздің өзі өте маңызды екенін түсінуіміз қажет, ал ересек адамның жанашырлығы әр баланы аз ғана болса да бақытты етеді. Балаларды қорғау күніне орай мүмкіндіктері шектеулі балалар, жетім және аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларға арналған қайырымдылық іс-шаралардың маңызы өте зор.
Барлық деңгейдегі депутаттарды облыстық мәслихат депутаттарының Үндеуін қолдап, балалардың проблемаларына назар аударуға шақырамыз. Осы арқылы біз ізгілігі мол қоғамды қалыптастыратын болашақ ұрпақтарымызды сақтап қаламыз.
Бүгінгі Үндеуіміз халық қалаулылары тарапынан қолдау табады деп сенеміз.
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының депутаттары.