«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз үйінде қаза тапты

Петропавлдағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 9-да Бөркі ауылында тіркелген. Төсек, еден, үй заттары өртенген. Өрт 15 минуттан кейін сөндірілді.

«Өрт орнында үй иесі, 57 жастағы ер адамның денесі табылды. Өрттің алдын ала себебі – отты дұрыс қолданбау, темекі шегу», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері облыста өрттен 32 адам, оның ішінде екі бала қайтыс боллды.

«Талдау көрсеткендей, өлім себебі – тұрмыстағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеуден туындайды. Көп жағдайда өрт құрбандары мас болған», – деп толықтырды баспасөз қызметі.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp