Ерік Хамзаұлы Сұлтанов 1956 жылғы 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында туған. “Құрылыс-жол машиналары мен жабдықтары” мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын және “Автомобиль жолдарының, көпірлердің және аэродромдардың құрылысы” мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік политехникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы “Экибастуз-шахтострой” комбинатында механик болып бастап, аға прораб, біріккен кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, бас инженер, біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы, ағаш өңдеу комбинатының директоры болып істеді.
1993-2002 жылдары – Екібастұз қаласы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, ХІІІ шақырылымдағы Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ҚР Еңбек министрлігі еңбекті қорғау департаментінің бастығы, “Экибастузшахтокурылыс” АҚ президенті, Павлодар облысы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы, СҚО мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы, СҚО әкімінің орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары департаментінің директоры, ҚР КТМ Автожолдар комитетінің сыртқы қарыз жөніндегі консультанттарының бас үйлестірушісі, ҚР КТМ “Казахавтодор” РМК бас инженері.
2002-2008 жылдары – ҚР КТМ Автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешенінің құрылысы комитетінің төрағасы, “Казахдорстрой” ЖШС директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2008-2013 жылдары – “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ вице-президенті.
2013 жылғы 3 сәуірден бері “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ басқармасының төрағасы болып істеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.