Құмар Іргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай облысының Урицкий ауданындағы “Крыловский” кеңшарында бас инженер болып бастаған.
1989-1991 жылдары – Қазақстан ЛКЖО-ның Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қостанай облысы Урицкий ауданы “Маяк” кеңшарының бас инженері, Қостанай облысы Қостанай ауданы “Новоселовка” мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры, “Қостанай” ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының “Север” ұжымшарының төрағасы, “Север” АҮАҚ президенті болды.
1998-2004 жылдары Қостанай облысы Меңдіқара, Таран аудандарының әкімі.
2004-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2010-2015 жылдары “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, “Нұр Отан” партиясының хатшысы.
2015 жылғы қыркүйек айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.