«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облысының 2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 159,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді немесе 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 103,5%.

Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 120,8 миллиард теңгені немесе 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 3,4% өсіммен жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 75,7% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесін азық-түлік өнімдерін өндіру (61,2%) алады. Рапс және күнбағыс майы (сәйкесінше 66,4% бен 87,8%-ға), өңделген сүт және кілегей (15,2%-ға), кепкен нан мен печенье, ұзақ уақыт сақтауға арналған кондитерлік өнімдер (22,6%), сарымай (10,9%), нан (2,1%) 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда артық өндірілді.

Облыста дайын металл бұйымдарды жасау (32,3%-ға), резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі (5%-ға) сияқты салалар жоғары қарқынмен дамуда. Жеңіл металл сыйымдылықтар (33,1%-ға), сыртқа тебуші сорғылар (30,8%-ға), пластик құбырлар (18,9%-ға) шығару ұлғайды.

Электрмен жабдықтау, газ бен бу беру және ауа баптауда нақты көлем индексі 103,1%-ды құрады, сонымен бірге электр қуатын беру 101,9%-ды, жылу қуатын беру 101,8%-ды құрады.

Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау және таратуды бақылауда 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда нақты көлем индексі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 102% болды.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 283,5 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,6% болды.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда шаруашылықтың барлық санаттарында мал мен құстың барлық түрлері 91,9 мың тонна (2013 жылғы деңгейге 103,9%) тірідей салмақта союға өткізілді, 473,3 мың тонна (103,2%) сиыр сүті сауылды, 543 дана (111,5%) тауық жұмыртқасы алынды.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстары 37,8 млрд. теңгеге орындалды, бұл 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2,6%-ға артық.

Тұрғын үй құрылысында 6,5 миллиард теңге игерілді.

Облыс аумағында барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың және тұрғындардың күшімен жалпы алаңы 120091 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 104,4%-ды құрайды.

Тұрғындардың қаражаты есебінен 70515 шаршы метр (жалпы көлемнің 58,7%-ы), бюджет қаражаты есебінен 43878 шаршы метр (36,5%-ы), кәсіпорындардың қаражаты есебінен 5698 шаршы метр (4,8%-ы) тұрғын үй пайдалануға берілді.

Инвестициялық қызмет

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 115,1 миллиард теңгені немесе 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 108,7%-ды құрады.

Негізгі капиталға инвестиция салудың басым көзі шаруашылық жүргізетін субъектілер мен тұрғындардың өзіндік қаражаты болып табылады, оларға 70,9%, бюджет қаражатына – 19,9%, банктердің кредиттеріне – 3%, басқа да қарыз қаражатқа 6,2% келеді.

Инвестиция көлемінің айтарлықтай үлесі машиналар мен жабдықтар сатып алуға жұмсалды – 59,8%, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 36,2%.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда машиналарға, жабдықтарға, аспаптарға инвестициялық салымдардың 13,8%-ға өскені байқалады.

Инвестиция игеру бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 43,4%-ы), өнеркәсіп (21,6%), көлік және қоймалау (17,9%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (6,2%), ақпарат және байланыс (2,6%) басым салалар болып табылады.

Сауда

Бөлшек саудада өсу қарқыны 115,1%-ды құрады. Бөлшек сауда желісі арқылы 159,2 млрд. теңгенің тауары өткізілді. Оның 67,6%-ы (107,6 млрд. теңге) – өсу қарқыны 109,6%-ды құраған азық-түлік емес тауарлар, азық-түлік тауарлары – 128,6%.

Азық-түлік емес тауарлар құрылымында 6,3%-ды бензин, 5,5%-ды – дизель отыны (газойл), сұйытылған пропан және бутан, 3,2%-ды автомобильдер мен жеңіл автокөліктер құрады.

Сауда жүргізетін кәсіпорындар 77,7 млрд. теңгенің тауарын сатты (өсу қарқыны – 115%), базарларда және жеке кәсіпкерлердікі – 81,5 млрд. теңгенің тауары (115,2%).

Өмір сүру деңгейі және еңбек нарығы

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төмен нормаларынан есептелген орташа жан басына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,2%-ға ұлғайып, 17249 теңгені құрады (азық-түлік өнімдері – 10349 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер – 6900 теңге).

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығын 21,1%-ды құрады, сүт, ірімшік және жұмыртқаға – 11,9%, жеміс және көкөністерге – 11%, нан және жарма өнімдеріне – 8,6%, май мен тоң-майларға – 3,9%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,3%, балыққа – 1,2%.

Кәсіпорындардағы жалдамалы жұмыскерлер саны (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) 2014 жылғы қаңтар-қарашада 138,4 мың адамды құрады, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 111,3 мың адам.

Білім беруде 38,5 мың адам немесе 27,8% жұмыс істейді, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 20,2 мың адам немесе 14,6%, өнеркәсіпте – 16,1 мың адам немесе 11,6%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде – 14,4 мың адам немесе 10,4%.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2014 жылғы желтоқсан айының соңында 931 адам болды. Экономикалық белсенді тұрғындармен салыстырғанда тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,3%-ды құрады. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 11686 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтініш бергендер санының 96,3%-ы.

Еңбекке ақы төлеу

2014 жылғы қаңтар-қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 2013 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 7,5%-ға өсіп, 78756 теңгені құрады, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда сәйкес түрде 8,7%-ға өсіп, 82681 теңге болды.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 18,8%-ға өсті, құрылыста – 17,7%, ақпарат және байланыста – 12,1%, көлік және қоймалауда – 11,3%, өнеркәсіпте – 9,5%.

Көлік және қоймалауда еңбекақы 117616 теңгені құрады, ақпарат және байланыста – 117094 теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 116665 теңге, құрылыста – 85168 теңге, өнеркәсіпте – 81018 теңге, саудада – 64661 теңге.

Баға

2014 жылы облыстың тұтыну нарығында тауарлар мен қызметтер бағасы 7,2%-ға көтерілді, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңінен 1,9 пайыздық межеге жоғары. Азық-түлік тауарлары – 8%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 8,1%-ға, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 5,6%-ға қымбаттады.

2013 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда тауарлардың барлық топтары бойынша бағаның көтерілгені тіркелді. 2014 жылғы инфляцияның қалыптасуына негізінен азық-түлік тауарлары бағасының өсуі әсер етті.

Азық-түлік тауарлары тобынан ет бағасының (ет өнімдерін қоса алғанда) 7,8%-ға көтерілгені тіркелді. Мысалы, шошқа еті – 17,4%-ға, жылқы еті – 4,7%-ға, қой еті – 4%-ға, сиыр еті 2,7%-ға қымбаттады. Бұдан басқа, тауық етінің бағасы 19,4%-ға, шұжықтар, ет өнімдері бағасы 14%-ға көтерілді.

Нан-тоқаш өнімдері мен жарма 10,8%-ға қымбаттады, оның ішінде жоғары сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны – 28,6%-ға, қара бидай және қара бидай-бидай наны – 6,1%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 19%-ға, бірінші сұрыпты бидай 17,9%-ға көтерілді. Макарон өнімдеріне баға өсімі 12,5%-ды құрады. Сонымен қатар, сұлы жармасы бағасының 13,9%-ға, ұнтақ жарма – 12,9%-ға, қарақұмық жармасы – 12,6%-ға, арпа жармасы – 12,4%-ға, тары 9,9%-ға қымбаттағаны тіркелді. Осы кезеңде күріш 19,4%-ға қымбаттады.

Алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерінің құны 12,4%-ға өсті, оның ішінде алкогольді сусындар – 4,8%-ға, темекі өнімдері – 30,5%-ға.

Жемістер мен көкөністер бағасы 7%-ға өсті, оның ішінде жемістер 8,2%-ға, көкөністер 5,6%-ға қымбаттады. Мысалы, түйінді пияз бағасы 17,5%-ға өсті, сәбіз – 11,1%-ға, ақбас қырыққабат – 7,2%-ға, қызылша – 6%-ға. Лимон бағасының өсімі – 14,8%-ды, банан – 10,7%-ды, алма – 9,1%-ды, алмұрт – 7,6%-ды, апельсин 5,5%-ды құрады.

2014 жылы сүт өнімдерінің бағасы 10,6%-ға өсті, бұл құбылыс шикі сүт бағасының – 18,8%-ға, ірімшік және сүзбенің – 17,8%-ға, ашыған сүт өнімдерінің 9,3%-ға көтерілуі есебінен болды.

Қант және кондитер өнімдері – 9,6%-ға, алкогольсіз ішімдіктер 8,3%-ға қымбаттады.

2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жұмыртқа бағасы 26%-ға арзандады.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында өткен жыл бойы баға өсімі киім және аяқкиімге 6,9%-ды құрады.

Бензин бағасы – 0,7%-ға, дизель отыны – 16,4%-ға, қатты отын бағасы 6,3%-ға көтерілді. Шетелдерде шығарылатын автомобильдер – 16,4%-ға, ТМД елдерінің автомобильдері 17,2%-ға қымбаттады.

Үйге қажетті керек-жарақтарға баға деңгейі орта есеппен 9,9%-ға көтерілді, оның ішінде тоқыма өнімдері – 15,4%-ға, тұрмыстық аспаптар – 13%-ға, шыныдан жасалған заттар, асхана жарақтары – 9,2%-ға, жиһаз және кілемдер – 6,1%-ға.

Жыл бойы жуу және тазалау құралдарына баға өсімі – 10,6%-ды, жеке бас күтіміне арналған тауарларға – 9,5%-ды, фармацевтикалық өнімдерге – 6,9%-ды, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 6,4%-ды құрады.

Тұрғын үй-жайды күтіп ұстау және жөндеу материалдарының бағасы 13,5%-ға көтерілді, оның ішінде құрғақ құрылыс қоспалары – 2,1%-ға, суэмульсиялық бояулар – 9,1%-ға, терезе әйнегі – 10,7%-ға, цемент – 14,5%-ға, тұсқағаз 24,4%-ға қымбаттады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер тобы бойынша бағаның өсу қарқыны талдау жасалып отырған кезеңде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға қарағанда төмен қалыптасты.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер аясының қызметтері үшін төленетін ақы 5%-ға көтерілді. Мысалы, электр қуаты – 10,4%-ға, қоқыс шығару 13,5%-ға қымбаттады. Тұрғын үй жалдау үшін төленетін нақты жалақы 7,7%-ға өсті. Домофон қызметтерінің тарифтері 25%-ға көтерілді. Сонымен қатар, сумен қамтамасыз ету қызметтері 0,2%-ға арзандады, оның ішінде: теңестірілген тарифтер есебінен ыстық су бағасы 0,3%-ға төмендеді. Жылу қуаты бағасының 0,3-ға арзандауына да теңестірілген тарифтер әсер етті.

Көлік қызметтері 13,5%-ға қымбаттады, оның ішінде жергілікті жолаушылар автобустары көлігінің қызметі – 30%-ға, қалааралық автобустардың қызметі – 17%-ға. Сонымен қатар, темір жол көлігімен жол жүру 16,5%-ға арзандады.

Амбулаторлық қызмет бағасының өсімі – 5,7%-ды, білім беру қызметі 5%-ды құрады.

Демографиялық жағдай

2014 жылғы 1 желтоқсанда облыс тұрғындарының саны 572 мың адамды құрады, оның 242,8 мыңы (42,5%) – қалаларда, 329,2 мыңы (57,5%) ауылдық елді мекендерде тұрады. Жыл басынан бері тұрғындар саны 3,8 мың адамға немесе 0,7%-ға азайды.

2014 жылғы қаңтар-қарашадағы тұрғындардың табиғи өсімі 1218 адамды құрады (2013 жылғы осы уақыт аралығында – 935 адам).

Есепті кезеңде 7553 сәби дүниеге келді, бұл 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5%-ға кем, қайтыс болғандар саны 9,7%-ға кеміп, 6335 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-қараша айларында АХАТ органдарында 4148 неке қиылды, бұл 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2%-ға кем, ажырасулар 1990-ға (4,7%-ға) көбейді.

2014 жылғы қаңтар-қарашада облыста бұрынғысынша теріс мәнді көші-қон айырмасы байқалып, -5020 адамды құрады (2013 жылғы сәйкес кезеңде -4449 адам). Келушілер саны 26,4%-ға өсіп, 11971 адамды құраса, кетушілер саны 22,1%-ға өсіп, 16991 адамды құрады.

Негізгі көші-қон алмасуы ел ішінде орын алып отыр. 2013 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда өңіраралық көші-қонның теріс мәнді айырмасы 0,9%-ға қысқарды.

Қазақстанның басқа өңірлерінен 3066 адам көшіп келді (2013 жылғы қаңтар-қарашада 2309), кеткендер саны – 8246 (2013 жылғы қаңтар-қарашадағыдан 26,6%-ға артық).

Сыртқы көші-қонда теріс мәнді айырма байқалады (-2472 адам), ол 2013 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 31,7%-ға өскен. Келушілер саны – 1,5%-ға, кетушілер саны 24%-ға көбейген. ТМД елдерінен келген иммигранттар саны 6,7%-ға артты. ТМД елдеріне эмиграция 25,2%-ға өсті. Әлемнің басқа елдерінен келгендер саны 42,6%-ға кемісе, алыс шетелге кеткендер саны 8,6%-ға көбейді.

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp