“Солтүстік Қазақстан облысының
Ауыл шаруашылығы басқармасы”
мемлекеттік мекемесінің стратегиялық
жоспарын бекіту туралы”
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 29 желтоқсандағы
№385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағы 4) тармақшасына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “2011-2015 жылдарға арналған “Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы” мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарын бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №385 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген “Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы” мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарында:
осы қаулының қосымшасына сәйкес “Бюджеттік бағдарламалар” 7-бөлімі жаңа редакцияда жазылсын.
2. “Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы” мемлекеттік мекемесі осы қаулының бұқаралық ақпарат құралдарында он күндік мерзімде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. ЕСКЕНДІРОВ.
“Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы” ММ 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары wed dsh@ sko. kz, сайтында орналасқан.