«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сорғы стансасы жаңғыртылды

Көктемде су тасқыны кезінде зақымданған Петропавлдағы бірінші көтергіш сорғы стансасы қайтадан жаңғыртылды.

“Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жеңіс Сұлтановтың айтуынша, әлі де атқарылар жұмыс аз емес. Жел­тоқсанның бірінші онкүндігінде бе­кіту арматурасының агре­гаттарын жеткізу жоспарланған.

“Біздің өңірде алғаш рет нығайту жұмыстарына габион қолданылып жатыр. Ол – темірден жасал­ған тордың ішіне толтырылған тас. Өткен ғасырдың басында ита­лиялық инженердің ойлап тапқан әдісі құрылыста, өзендердің арна­сын бекіту үшін жиі қолданы­луда. Стратегиялық нысанды қор­ғайтын бөгеттің биіктігі 4 метр бо­ла­ды. Қазір нығайту жұмыстары жүр­­гі­зілуде”, – дейді Жеңіс Сұлта­нов.

Қазіргі уақытта резервтік жер асты кабельдерін тарту жұмыста­ры аяқталған. Алдағы күндері 800 кВт дизель генераторы орнатыла­ды. Нәтижесінде бұл заманауи сорғы агрегаттары мен биіктігі 4 метр қорғаныс бөгеті бар мүлдем жаңа сорғы стансасына айнала­ды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp