2020 жылдың қаңтарынан бастап барлық қазақстандықтарға медициналық ұйымдардағы қызмет медициналық көмектің кепілді көлемін алу және міндетті медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін болады. Міндетті тегін көмек еліміздің барлық тұрғындарына, соның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға да көрсетіледі.
Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу және диагностикалау барлық азаматтар үшін тегін болмақ, ал жоспарлы ем тек медициналық сақтандыру аясында ғана көрсетіледі. Егер азамат сақтандырылмаса, ол медициналық көмекті ақылы түрде ғана алады.
Осыған байланысты облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелерінің әкімшілігі түзеу мекемелеріндегі адамдарды мекеме аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға тіркеуде. Сондай-ақ, Қазақстанның медициналық ұйымдарында қызмет алуы үшін сотталған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін беру бойынша да жұмыс жүргізілуде.