«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТТАЛҒАНДАР СҰЛУЛЫҚ СЫРЫН МЕҢГЕРЕДІ

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/6 мекемесінде сотталған әйелдерге техникалық және кәсіптік білім беріледі.

Мекеме базасында ұзақ жылдар бойы Петропавл кәсіптік колледжі жұмыс істеп келеді. Онда әйелдер “Тігінші”, “Плитамен қаптаушы” мамандықтары бойынша білім алып, үйренген кәсіби дағдыларын жүзеге асырады.
Әрдайым сұранысқа ие осы мамандықтармен қатар биылғы оқу жылында темір тордың арғы жағындағы әйелдер “Шаштараз ісі және сәндік косметика” мамандығына да оқуға қабылданды. Онда олар шаш қию, сәндеу дағдылары мен тәсілдерін үйреніп, макияж жасау шеберлігін меңгеруде. “Сұлулық жөніндегі шебердің” сабақтары тыңдаушылардың көңілінен шығып жүр. Дәрістік және тәжірибелік сабақтар барысында олар шаш үлгілерінің тарихымен, бет күтімінің қыр-сырымен, сондай-ақ мамандықтың құпияларымен танысады.
Заманауи косметологиялық индустрия бүгінде нәзік жандардың кез келген жаста әдемі көрінуі үшін көптеген тәсіл ұсынып отыр. Оқуды аяқтағаннан кейін олар басқаларға өзіне жарасымды шаш үлгісін таңдауға көмектесіп, дұрыс боянуға үйретпек. Бұл сотталғандарға өз қабілеттерін іс жүзінде пайдаланып, жазасын өтегеннен кейін жұмысқа орналасуына, сұлулық салонын ашуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp