«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сотталғаны сабақ емес

 

Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғыны есірткі сатты деген күдікпен ұсталды. Бұл азаматтан героин тәркіленген. Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері күдіктіні Копай шағынауданында қолға түсірген. Оның полицейлер келген сәтте есірткі мен ақшаны пешке жағып жібермекші болған әрекетінен түк шықпады. Күдікті бұған дейін де есірткі заттарын саудалағаны үшін сотталған екен.

 

 

От шалған ақша қалдықтары сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, әйелдің үйінен заңсыз сақталған мылтық пен 37 патрон табылды. Қазір күдікті қамауда отыр.

 

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш баптың санкциясы он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

 

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің басшысы Самат Құсбековтың айтуынша, жыл басынан бері есірткіге қатысты 176 факті тіркелген.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp