«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТҚА ДЕЙІН ДЕ ТАТУЛАСУҒА БОЛАДЫ

Петропавлда  «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында заңгерлер мен зиялы қауым өкілдерінің кездесуі  өтті.

 

Жоғарғы сот өкілдері   жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Соңғы бес жылдағы статистикалық деректер бойынша  елімізде әр төртінші адам сотқа жүгінеді екен. Солтүстік Қазақстан облыстық сотында биылғы жылдың тоғыз айында ғана 9500 мыңнан астам азаматтық іс қаралған. Соның 900-ден астамы дауласқан екі жақтың татуласуымен аяқталған. Араздасқан жақтарды сотқа жеткізбей татуластыру мақсатында бүгінгі күні облыс орталығында 32 кәсіби медиатор, аудандарда – 300-ден астам кәсіби емес медиатор жұмыс істейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp