«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ РЕФОРМА БАСТАЛАДЫ

2015 жылғы бірінші жартыжылдықтағы республика бойынша шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде сот жүйесінің 2015 жылдың бірінші жартысының қорытындыларына арналған брифингте мәлім болды. Сондай-ақ, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин “100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет” Ұлт жоспарын іске асыру жөнінде Ұлттық комиссия тарапынан қолдау тапқан реформалардың негізгі тұжырымдарымен таныстырды. Ұлт жоспарын орындау мақсатында үш сатылы сот жүйесіне көшу, судьялыққа үміткерлердің жасына қатысты талапты арттыру, болашақ судьялар үшін сот ісін жүргізумен байланысты бесжылдық жұмыс өтілі туралы талапты және жеке кепілгерлік институтын, сондай-ақ, жаңадан тағайындалған судьялар үшін біржылдық сынақ мерзімін енгізу жоспарланып отыр. Жоғарғы сотта инвестициялық істер бойынша мамандандырылған алқа және Халықаралық консультативтік кеңес құрылады. Бұл жұмыс үстіміздегі жылғы 1 қыркүйекте аяқталатын болады. Сот жүйесіндегі реформаларға сәйкес судьялардың жаңа Әдеп кодексі әзірленіп жатқан көрінеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp