Соңғы уақытта сот жүйесінде соттардың халықпен жұмысын жақсарту мақсатында көптеген электрондық қызмет түрлері енгізілуде. Мәселен, бірінде жеке және заңды тұлғалар “Сот кабинетінде” орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарын сотқа ұсына алады. Ол үшін қызметке жүгінушілер СТН-нің немесе ӘЖК-нің және парольдің көмегімен “Сот кабинетіне” тіркеледі.
Электрондық құжаттар беру сервисін пайдаланушы авторландыру рәсімінен өткеннен кейін “Сот кабинетіне” талап-арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен және сотқа өтінішпен жүгіне алады.
Пайдаланушы “Талап-арыз беру” сервисін таңдауды жүзеге асырады және төмендегі деректер көрсетілетін электрондық талап-арыз нысанын толтырады: облысы; талап-арыз берілетін соттық атауы; соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда: “төлемеу” деген жолға белгі қойылады; “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” Қазақстан Республикасы Кодексінің 541-бабына сәйкес мемлекеттік баждан босатылған істер санаты/талапкерлер көрсетіледі; мемлекеттік баж сомасы; “Электрондық үкімет” төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды онлайнмен төлеген жағдайда “онлайн-төлем” жолы толтырылады; арыздың сипаты; істің санаты; даудың жалпы сомасы; сот істерінің тараптары.
Электрондық талап-арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.
Талап-арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.
Қуандық КӘКІМОВ,
Ақжар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.