«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ТАПШЫ

Прокуратураның 4-ші басқармасы басшысы Шолпан Әбдірахманова сот орындаушыларының қызметіндегі кемшіліктерді жіпке тізгендей етіп айтып берді. Өндіріп алынатын дүниемүліктердің, ақша қаражатының жоқтығын объективті себептерге жатқызғанның өзінде, талдау ішкі мүмкіндіктердің жан-жақты пайдаланылмайтынын көрсетіп отыр. Мәселен, сот орындаушы кадрлардың жетіспеушілігінен биыл айналымдағы құжаттардың 2,7 пайызы ғана орындалған. Қостанай мен Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш тиісінше 10 және 17 пайызды құраған.

Сот орындаушылардың қарекетсіздігіне реніш білдірген 172 адам прокуратураға арызданған. Петропавл қаласының бес жүзге жуық тұрғыны алимент төлеуді мүлдем доғарған. Ведомство басшылығы болса қарызды өндіріп алудың ешқандай мүмкіндігі жоқ деген уәжді көлденең тартады.

– Сот орындау саласындағы көрсеткіштердің төмен болуының басты сыры – білікті де білімді мамандардың жетіспеушілігінде. Қазір штаттағы 16 орынның 7-еуі бос тұр, – дейді әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Динара Тасшығұлова.

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp