Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы әр дүйсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 18.30-ға дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Сонымен бірге тұрғындарды үстіміздегі жылдың 28 қазанынан бастап, аудандық соттың ғимаратында бейнеконференция байланысы арқылы қашықтан қабылдау жүзеге асырылады. Осылайша, ауыл тұрғындарының облыстық сот төрағасының қабылдауына қол жеткізуіне мүмкіндік туады.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасының азаматтарды қабылдауына алдын ала жазылу үшін мына телефондар бойынша хабарласу керек: облыстық сот кеңсесіне: 8 (7152) 55-11-21, виртуалды Call-орталығына: 8 (7152) 35-00-45.
Солтүстік Қазақстан
облыстық соты.