Мамлют және Мағжан Жұмабаев аудандық соттарының ғимараттарында фронт-кеңсе ашылды. Осы арқылы сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру көзделген.
Жаңа кеңселердің аудан тұрғындарының заңдық кеңес алуын барынша жеңілдету мақсатында ашылғанын тілге тиек еткен облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдар Смағұлов мұнда арызданған азаматтарға жедел әрі нақты ақпарат алуға барлық мүмкіндік жасалғанын айтты.
Бірінші қабатта орналасқан фронт-кеңселер қажетті техникалармен жабдықталған. Онда өзіне-өзі қызмет көрсету және ақпараттық орталық алаңдары қарастырылған.
Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,
облыстық соттың баспасөз хатшысы.