«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЛГІСІ

Петропавл қаласында тұратын соғыс ардагері Николай Дёмин коронавирусқа қарсы екпе алды. Қазір қарттың жағдайы жақсы.

– Дәрігерлер хабарласып, вакцина салды­руға шақырды. Мен бірден келісімімді бердім. Алғашқы екі күн өзімді жайсыз сезінгенім рас. Басым ауырып, әлсіздік байқалды. Мамандар бұл қалыпты құбылыс деп ескертті. Үшінші күні денсаулығым жақсара бастады. Екпе алғаныма қуаныштымын. Дендеп бара жатқан дертті тұсаулаудың бір амалы – осы екпе, – деді соғыс ардагері.

Майдангер 1943 жылы 18 жасында әскер қатарына шақырылған. Жаяу және танк әскерлері құрамында соғысқан жауынгер Жеңісті Литва жерінде қарсы алыпты. Майданда екі рет жарақаттанған. Ал соғыстан кейін зейнет демалысына шыққанша “Есіл су” кәсіпорнында еңбек етті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өңірде 28 мың адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның 7 мыңға жуығы толық вакциналаудан өтті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp