«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОҒЫС ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ

Осыдан 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысының басталған күнін еске алу мақсатында Петропавлда «Мәңгілік алау» кешенінің алдында соғыс және тыл ардагерлеріне тағзым ету шарасы болып өтті.

Жиын өткен жерге майдангерлер, тыл ардагерлері, еңбек ұжымдарының және жастар ұйымдарының өкілдері келді.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен қала басшысы Марат Тасмағамбетов мемориалға гүл шоғын қойып, соғыс құрбандарына тағзым етті. Жиналған қауым да кешенге гүлдер қойып, ерлікке бас иді.

Жұртшылық өкілдері майдан даласынан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp