Футболдан Премьер-лига командалары 10-шы тур матчтарын өткізді. Петропавлдық “Qyzyljar” клубы сырт алаңда Түркістанның “Тұранымен” кездесті.
Ойынның бірінші бөлігінде қос команда да белсенді ойнады. Алайда өткір шабуылдар ұйымдастырылғанымен гол соғылған жоқ. Матчтың екінші бөлігі де тартысты өтті. Жеңіске жету үшін барын салғанымен негізгі уақытта есеп ашылмады. Төреші матчқа 2 минут қосты. Қосымша уақыттың соңғы минутында жерлестеріміз абайсызда қақпа алдында ереже бұзып, 11 метрлік айып добы белгіленді. Бұл мүмкіндікті Стефан Живкович мүлт жіберген жоқ. Есеп – 1:0.
Қоржынында 14 ұпайы бар жерлестеріміз турнир кестесіндегі 6-шы орнын сақтап қалды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.