«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ

Өңірде 3409 түлек мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам бас­ты. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов мұғалімдер мен оқу­шыларды оқу жылының аяқталумен онлайн режімде құт­тық­тап, ақ тілегін арнады. “25 мамыр – оқушы өміріндегі ерекше күн. Мектеп – алаңсыз балалық шақ пен жастық, ал­ғашқы жеңістер мен жетістіктердің уақыты. Тү­лек­тердің алдында көптеген мүмкіндіктер мен маңызды шешімдер тұр: емтихан тапсыру, мамандық және уни­вер­ситет таңдау. Мұғалімдер үшін соңғы қоңырау мерекесі де ерекше, өйткені әр балаға көп күш, қамқорлық пен білім бе­ріледі. Мен бірінші ұстазым – Юлия Ивановнаны әр­дайым ризашылықпен еске аламын”, – деді Құмар Ірге­байұлы құттықтау сөзінде.

Биыл облыстағы 73 мыңнан ас­там оқушы үшін оқу жылы аяқ­талды. Олардың 3409-ы – 11 сы­нып түлектері болса, 153-і “Ал­тын белгіден”, 112-і үздік аттес­тат­тан үмітті.

Білім басқармасының мә­лі­ме­­тін­ше, былтыр да “Алтын бел­гіден” 153 түлек алған. Үздік ат­тес­татқа былтыр 111 түлек қол жет­кізсе, биыл үміткерлер саны бі­р түлекке артты. “11 сынып оқу­­шы­­лары үшін мемлекеттік ем­­ти­хандар 1-10 маусым ара­лы­­ғын­да өтеді. Ем­тихандар са­ны да азайды. Тү­лектер бес ем­ти­­хан­ның орнына 4 емтихан тап­сы­­ра­ды. “Алтын бел­гіден” үміт­кер­лер­­дің эссе, алгебра­дан жаз­баша емтихан жұмыста­рын бі­лім бас­қармасы жанынан құ­рылған ко­миссия тексереді. Мем­­­­лекеттік емтихандар кезін­де “COVID-19”-бен ауырған тү­лек­тер қоры­тын­ды аттестаттау­дан босатыла­ды”, – деді облыс­тық білім бас­қармасының бас­шысы.

Өңірде ертеңнен жазғы мек­теп­тер жұмысын бастамақ. 19 мау­сымға дейін негізгі пәндер бо­йынша сабақтар ұйымдасты­ры­лады. Биыл Ұлттық бірыңғай тес­тілеуді барлық мектеп түле­гінің 72 пайызы тапсыруда. ҰБТ-да жо­ғары балл алмағандарға грантқа оқуға мүмкіндік бар. Облыс бюд­жетінен өңірге қа­жетті маман­дарды даярлау үшін 50 білім гранты бөлінді.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp