
Өңіріміздегі денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін биыл 3 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражат өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 есе көп.
Қазірдің өзінде жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына 1 млрд. теңгенің заманауи қондырғысы жеткізілді. Мәселен, облыстық ауруханаға компьютерлік томограф сатып алынса, онкологиялық диспансерге цифрлы маммограф әкелінді. Аудандық ауруханалар мен қалалық емханаларға соңғы үлгідегі төрт ультра дыбыстық зерттеу аппараттары қойылды. Солтүстікқазақстандықтарға енді қымбат тексерулерден өтіп, емделу үшін Ресейге немесе елордаға барудың қажеті жоқ. Алдағы уақытта облыстағы жалғыз, алайда, тозығы жеткен магнитті резонанстық томографтың орнына жаңасы алынбақ. Осыдан 11 жыл бұрын сатып алынған қондырғы жиі істен шығады екен. Сондай-ақ, облыстық ауруханаға келесі жылы ангиограф сатып алынады
Бұдан басқа облыстың емдеу мекемелерінің автопаркін жаңарту үшін 20 санитарлық көлік алу, нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.