«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПОРТТЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

Отбасы күніне орай Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында заманауи спорт алаңы ашылды. Ендігі кезекте жергілікті әуесқой спортшылар жаңа нысанда волейбол, футбол және баскетбол ойнап, «Work out» алаңында денсаулығын шыңдау мүмкіндігіне ие болуда. 

Бұл – Прибрежное ауылдық округінде пайдалануға берілген алғашқы спорт алаңы. Округ әкімі Анара Волкованың айтуынша, «Еңбекпен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында салынған нысанның құрылысына 18 млн. теңге жұмсалған.
– Бүгін ауылымызда спорт алаңдары ашылып отыр. Кез-келген тұрғын келіп, спортпен айналысып немесе балаларын алаңқайда ойната алады. Бас мердігер – «Строй сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары тамыз айының басында бастап, жуырда толық аяқтады, – дейді Анара Волкова.
Бүгінгі таңда Тепличное ауылында 1500-ға жуық адам тұрады. Олардың басым бөлігі саламатты өмір салтын ұстануда. Тіпті, зейнеткерлер де қалалық және облыстық деңгейде өтетін спорттық сайыстарға белсенді қатысады екен. Сондықтан елді мекенде спорт алаңының ашылуы жергілікті – халық үшін үлкен мереке. Бұл жерде жас отбасылар, балалар мен үлкендер спортпен айналысып, денсаулықтарын нығайта алады.
Биыл аудан әкімдігі аталмыш елді мекенді абаттандыру мәселесіне көп көңіл бөлген екен. Ауылдың 8 шақырым жолына асфальт төселген. Бұл жұмыстарды жүргізуге облыс бюджетінен 250 млн. теңге бөлініпті. Қазіргі уақытта көшелерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. 

 

Сурет: https://petropavltv.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp