«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды.

Көлігінің айнасы қолды болды

Ол дәмханадан тамақтанып шыққаннан кейін ұрылардың “Toyota Land Cruiser” маркалы автокөлігінің айнасын қолды қылғанын байқайды. Спортшы бірден полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары бұзақыны ұстады. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.

Қоржында — бес медаль

Отандық жеңіл атлеттер Малайзиядағы Куала-Лумпур қаласында жеңіл атлетикадан өткен “Malaysian Open Grand Prix” турнирінен жүлделі оралды.
Соңғы жарыс күнінде Кристина Овчинникова биіктікке секіруден, ал Вадим Левченков 1500 метр қашықтыққа жүгіруден қола жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін Иван Иванов ядро лақтырудан, Ярослава Вислобокова сырықпен секіруден турнир жеңімпазы атанған болатын. Сондай-ақ, Сергей Сухов 800 метрге жүгіруден мәреге үшінші болып келді.

Теннисшілер бәсекесі

Алматыда теннистен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Ерлер арасындағы жекелей сында Ерасыл Мұрат үздік атанды. Күміс пен қола медаль Шохрух Гайратов пен Ростислав Гальфингердің еншісінде. Әйелдер арасында Татьяна Николенко топ жарды. Екінші және үшінші орын Карина Ризванова мен Софья Чурсинаға бұйырды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp