«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жасаған жұмыс сапары аясында заманауи спорт кешенінің ашылуында болды. Жобаны 374 млн. теңгеге Ерік Балапанов бастаған «KazFoodProducts» холдингі жүзеге асырған.

«Бизнестің әлеуметтік ны­сандар салу бастамасы – әлеу­меттік жауапкершілік пен мем­лекет-жекеменшік әріптестіктің жарқын үлгісі. Бұл – ауыл тұрғындары мен балалардың саламатты өмір салтын ұста­нып, бос уақыттарын тиімді өткізуге қосқан үлес», – деп атап өтті облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бұдан кейін өңір басшысы «KazFoodProducts» холдингіне қарайтын бидайды терең өң­дейтін «BioOperations» серік­тестігінің зауытына барып, «EMC Agro» шошқа кешенін кеңейту жобасымен танысты. Сондай-ақ өңірге инвестиция тарту және ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Chevron» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Тайыншада отбасын қолдау орталығы жаңғыртудан кейін қайта ашылды. Мұнда қоғам өкілдерімен кездесу өтті. Орта­лыққа мамандардың жұмысын жеңілдету үшін жаңа автокөлік берілді. Бұл жерде отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көр­сетіліп, жұмысқа орналасуға жәрдем беріледі.

Сонымен қатар ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жобалары қаралды. Қазір Бу­лаев топтық су құбыры қайта жаңғыртылып, 4-кезең аясында жаңа су құбырлары салынуда. Бұл жоба шамамен 6 мың тұрғы­ны бар 14 ауылды сумен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл – аудан­ның тұрақты дамуы үшін маңыз­ды қадам.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp