«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПОРТ КЕШЕНІ БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишим ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Ендігі жерде ол аудандық “Балалар мен жасөспірімдердің спорттық-сауықтыру кешені” коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының қарамағында болмақ. Аталмыш нысанның құрылысына жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 235728,7 мың теңгені құрайды. Оның 186388,0 мың теңгесін республикалық бюджет пен трансферттен бөлінген қаржы құраса, 49340,7 мың теңгесі – жергілікті бюджеттен.

Нысан тұрғызу жұмыстарын өз мойындарына алған “Солтүстік Құрылыс” серіктестігі. Мердігер компания қаржының әр теңгесін орынды игеріп, кешенді белгіленген мерзімде тұрғындар игілігіне тапсырды.  

Кешен волейбол, баскетбол алаңдары, шағын футбол мен жекпе-жекке арналған залмен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мұнда соны қондырғылармен жарақтандырылған жаттығу залдары мен алдағы уақытта өткізілетін дүбірлі жарыстарды тамашалауға арналған 160 орындық көрермендер трибунасы да бар.

Нысанның салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Владимир Дудов мердігер компания өкілдеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта сауықтыру кешені жастардың сүйікті орнына айналары сөзсіз екендігін жеткізді.

Самат ЕСМАҒИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp