«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПОРТ САРАЙЫНДАҒЫ ФЛЕШМОБ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 400 оқушысы мен облыстың 15 танымал спортшысы «Делай, как я!» жалпыреспубликалық флешмобына қатысты, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Шара «Ұлы Дала Елi – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында өтті. Спорт сарайының жеңіл атлетикалық манежінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары және Маргарита Мукашева мен Михаил Литвин, гимнастшылар Дарья Медведева, Олеся Колышева, Дарья Шапкина, велосипедші Андрей Ширкалов секілді облыстың танымал спортшылары жаппай жаттығу биін орындады.

-Бұл шараға қатысу туралы ұсынысты бірден қабылдадым. Спортшылар жастарға үлгі көрсету керек. Біздің еліміз қарыштап даму үстінде. Бүгінгі флешмоб арқылы біз қазақстандықтардың жаңа буынын болашаққа ұмтылған үлкен механизм ретінде көрсеттік, – деді жеңіл атлетикадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия ойындарының рекордшысы, Рио де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қатысушысы Маргарита Мукашева.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өз флешмобтарын көрсетіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын білдіретін 25 цифрын бейнеледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp