Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті 2016-2017 жылдарға мемлекеттік стандарттау бойынша жоспар жасауда. Соған байланысты белгіленген үлгідегі ұсыныс-өтінімдер және техникалық-экономикалық негіздемелер қабылданып жатыр.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы “Техникалық реттеу туралы” Заңының 25-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының экономика саласының басым бағыттары, техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды жасаудағы сұраныстарды қалыптастырып, дамытудың дәлелді базасы ескеріле отырып, стандарттау жөніндегі мемлекеттік органдардың, Техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстарының негізінде стандарттау бойынша жұмыс жоспарлары бекітілуде.
Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес ұйым стандарттары нарық айналымына өнімдер шығару үшін қолданылмайды. Нарық айналымына ұйымның шығаратын өнімдеріне қолданыстағы техникалық регламент болмаған жағдайда алдын ала ұлттық стандарт жасалып, бекітіледі.
Стандарттау бойынша жоспарларды қалыптастыру жұмысы үстіміздегі жылдың ақпанында жүргізіледі. Жоспардың жасалған жобасы барлық мүдделі техникалық реттеу субъектілерінің қарастыруы үшін өкілетті органның www.memst.kz сайтына орналастырылады.
Осыған байланысты нормативтік құжаттары жоқ өнімдерді шығаруды жоспарлап отырған кәсіпорындар (ұйымдар, жеке кәсіпкерлер) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментіне Петропавл қаласы, 2-ші Бірінші май көшесі, 9- үй, 12-кабинетке хабарласуы керек. Тел./факс 8 (7152) 52-14-51; e-maiI: gosnadzor_sko@maiI.ru немесе “КазИнСт” Солтүстік Қазақстан филиалына Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 “В”, 335-кабинетке хабарласуы керек. Тел./факс 8 (7152) 50-30-56, 50-30-66, e-maiI: kazinst. sko@maiI.ru.
Екатерина ПАРШИНА,
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы.