«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохарамен кездесті. Кездесуде Мемлекеттік хатшы Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екеніне тоқталды. Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының 2008 жылдың маусым айындағы Жапонияға сапарының нәтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткенін айрықша атап көрсетті. Ол Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының қызметін жоғары бағалады. Мәселен, 2014 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. долларды құрады. Әңгіме барысында әлеуметтік-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды. Гүлшара Әбдіқалықова екі ел халықтарының артып келе жатқан өзара мүдделестігі жағдайында мәдени алмасулардың маңыздылығына ерекше тоқталып, мәдениет саласында екіжақты келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, тараптар гендерлік теңдік мәселелерін, соның ішінде 1995 жылы өткен БҰҰ-ның әйелдер ахуалы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференциясында қабылданған Пекин декларациясы және Іс-қимылдар тұғырнамасы аясындағы мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында Жапония елшісі Мемлекеттік хатшыға биыл тамыз айында Токиода өтетін ІІ Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына Жапонияның Премьер-Министрі Синд-зо Абэнің шақыруын табыс етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp