«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

М.Қозыбаев университетіне Парламент Мәжілісінің депутаты, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбенов келіп, оқу орнының серіктестерімен бірлесе коммерцияланған және гранттар аясында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларымен танысты.

Университет қабырғасында қолға алынған ғылыми жобаның бірі – хлорелла микробалдырларын қолдана отырып суды тазарту болса, екіншісі – «СК Протеин» ЖШС-мен бірлесіп, ірі қара мен жылқы терілерінен жемдік қоспа – протеин өндіру технологиясы.

Депутат университеттің ғылыми жобаларымен танысқаннан кейін «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен және Serpin Way қатысушыларымен кездесу өткізді.

Бүгінде аталмыш бағдарлама бойынша университетте 162 жас білім алып жатыр. «Серпін қолдау» орталығы оңтүстік өңірлерден келген балаларды қолдау, бейімдеу және жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған.

Сәуір айының басында кәсіптік бағдар беру тобы жеке автобуспен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 20-дан астам елді мекенді аралап, 6500 шақырымнан астам жол жүріп келді.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ медиаорталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp