Облыстық дiн iстерi басқармасының ұйымдастыруымен конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары және облыстық орталық “Қызылжар”, қалалық “Нұр” мешіттерінің имамдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерiмен кездестi.
Жиында бүгінгі қоғамдағы түйткілді мәселелер қозғалды. Студенттерге дәстүрлі дінге көлеңке түсіретін теріс ағымдардың зардабы жайлы түсіндірілді. Сонымен қатар, меймандар жастарды ізгілікке баулитын тәрбиелік мәні зор ақыл-кеңестерін айтып, олардың сауалдарына жауап берді.
Азамат СӘРСЕНОВ,
“Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы.