«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТЕР СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫ

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобасы аясында машина жасау колледжінде “Парасаттылық сағаты” тақырыбында өткен жиында студенттер арасында парасаттылық және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы әңгіме қозғалды.

Жиында айтылғандай, адалдық пен парасаттылық секілді асыл қасиеттерден жұрдай адам түрлі өрескел істерге, мәселен, жемқорлық әрекетке де баруы мүмкін. Бармақ басты, көз қыстылықтан бойды аулақ ұстау үшін не істеу қажет? Жүрекке адалдық пен парасаттылықты ұялатудың қайнар көзі неде? Басқосуға қатысушылар осы мәселелер төңірегінде өз пікірлерін ашық айтты. Көпшілігінің ойы өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беру керек дегенге келіп саяды.
“Жиналып отырғандағы мақсатымыз – жас ұрпаққа жемқорлықтың салдарын түсіндіре отырып, оларды жаман әдеттен алшақтату. Осы ретте бірқатар шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Мәселен, өңірдегі барлық білім ошақтарында академиялық адалдық саясатын енгізуді ұсындық. Бастама оқу орындарындағы жемқорлыққа тосқауыл болады деген үміттеміз”, – деді «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық офисінің жетекшісі Екатерина Старостина.
Жиын барысында жастар айтылған ойларды тыңдап қана қоймай, өздеріне қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды, әрі сыбайлас жемқорлықпен күреске өз тараптарынан үлес қосатындықтарын жеткізді.
“Семинар қызықты өтті. Қозғалған тақырып өте өзекті. Шынымен де, түптеп келгенде барлығы өзімізге байланысты. Әр қадамымызды ойлап басуымыз керек деген қорытындыға келдік”, – деді Петропавл машина жасау колледжiнiң студенті Виталий Химяк.
“Парасаттылық сағаты” еліміздің барлық оқу ошақтарында өттті. Ал біздің өңірімізде жастардың қатысуымен осындай жиындар бір ай бойы ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. 

https://mtrk.kz

Сурет https://zhanaru.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp