«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТЕР ҚУАНЫШЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай үстіміздегі жылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шәкіртақысы 25 пайызға көбейді. Еліміздің отыздан астам жоғары оқу орнының 179 мың және колледждердің 136 мың студенті бұл сәтті асыға күткен еді. Осы аптада М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері алғашқылардың бірі болып стипендияны алды.

Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы – 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, магистранттардікі – 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, ал докторантура да 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті. Колледж студенттері 16 759 теңгенің орнына 20 948 теңге шәкіртақы алады.
Қазіргі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде білім алатын студенттердің үш мыңнан астамы шәкіртақы алады. Шәкіртақысы өскен студенттердің бірі – математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті бойынша магистратураның екінші курсында оқитын Азат Мұхаметжанов. Ол осыған дейін студенттер күнделікті жүріп-тұруына, қосымша қажеттіліктеріне ақша жеткізу үшін жұмыс істеуге мәжбүр болғанын айтты. Барлық пәндерді өте жақсы тапсырған магистранттарға 76 мың теңгеден артық шәкіртақы төленеді. Бұл Петропавл қаласында жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысымен тең деуге болады. Сондықтан шәкіртақының көтерілуі – студенттерге үлкен көмек”, – дейді Азат Мұхаметжанов.

 

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, “Soltústik Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp