«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨТКІР МӘСЕЛЕ

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бірнеше мыңдаған көлдер мен өзендер, басқа да су қоймалары бар. Оның біразы балық, аң аулауға және басқа да шаруашылық мақсаттарына пайдаланылады.

Облыста соңғы 5 жылда 169 адам суға кетті, оның 14-і – балалар (2011 жылы – 34 адам, 2012 жылы – 50 адам, 2013 жылы – 39 адам, 2014 жылы – 39 адам, жыл басынан бері – 7 адам). Осы кезеңде департамент құтқарушылары 285 адамды, оның ішінде 80 баланы аман алып қалды.

Азаматтардың су қоймаларында қайғылы жағдайларға ұшырауына жүргізілген сараптама төтенше жағдайлардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болатындығын көрсетеді. Атап айтарлығы, осындай жоғары өлім-жітім жылдан-жылға өзгеріссіз қалып келеді. Олар: қауіпті және ондай мақсат үшін жабдықталмаған орындарда құтқару құралдарынсыз, мас болу жағдайында суға шомылу және демалу; көлік инспекциясы органдарында куәландырылмаған шағын көлемді кемелерде, құтқару құралдарынсыз мас күйде балық аулау; балаларын су қоймаларының жанында қараусыз қалдыратын ата-аналардың немқұрайдылығы; су қоймаларында тәртіп ережелерін өрескел бұзу; су қоймаларын пайдалану бойынша жергілікті атқарушы органдарының бақылауының әлсіздігі (құтқару бекеттерінің, жағажайлар мен демалыс орындары құрал-жабдықтарының, аса қауіпті орындарда суға шомылу үшін тыйым салынатын белгілердің жоқтығы).

2015 жылғы жазғы суға түсу маусымының алдында басқа демалыс түрлерінен гөрі суда демалуды қалайтын азаматтарға тағы да рұқсат етілген жерлерде және түбін тазалау бойынша алдын ала іс-шаралар жүргізілген және ТЖ туындауы жағдайында көмекке келетін құтқару қызметі жұмыс істейтін жағажайларда ғана шомылыңыздар дегіміз келеді.

Судағы қауіпсіздік проблемасы өте өткір тұрғаны шүбәсіз. Алайда, жоғарыда келтірілген ақыл-кеңестерді ескеріп, суда қаза болғандар тізімі басқа аттармен толықтырылмайды деп сенеміз.

Бейнегүл ТҰРАЛИНОВА,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі

департаменттің төтенше жағдайлардың

 алдын алу бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp