Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өңір соттарына бірнеше судья тағайындалды. Бұған дейін Уәлиханов аудандық сотының төрағасы болған Қанат Әлжанов, сондай-ақ, Ұлан Әбдірахманов, Анар Маманова және Рүстем Омаров Петропавл қалалық №2 сотының судьясы қызметіне кірісті. Сонымен қатар Қызылжар аудандық сотына Қазыбек Сағадиев, Мағжан Жұмабаев аудандық сотына Мирас Нағайбаев судья болды. Ал Айыртау аудандық №2 сотының төрағасы Қанат Әбубәкір атқарып отырған қызметінен босатылып, Түркістан облысы Келес аудандық сотының төрағалығына тағайындалды.
Жаңа тағайындалған судьялар әріптестерінің алдында Ант қабылдады. Олардың жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғауда міндеттерін адал атқаратындықтарына сенім білдірген облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов судья әдебі кодексін табыстады.