“SEC Outdoor Track & Field Championships” турнирінде адам таңғаларлық жағдай орын алды. АҚШ спортшысы Инфинит Таккер ерекше әдіспен мәре сызығын бірінші болып кесті.
Адамнан айла қалған ба, 21 жастағы америкалық жеңіл атлет Инфинит Такер бүкіл әлемді сүйсіндірді. Турнирдің 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру бәйгесінде Инфинит көш басында келе жатқан. Соңғы метрлерде өзінің жерлесі Роберт Гранттың қуып жетіп, тіпті, одан сәл-пәл оза бастағанын байқайды. Бірінші орыннан айырылып қалмауды ойлаған Инфинит алға қарай жанұшыра секіріп, денесі бәсекелесінен бұрын мәре сызығын қияды.
Көрермендер мен мамандар бұл әдісті “суперменше секіру” деп атады.
.