«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Облыс орталығында Қазақстан Суретшілер одағының облыстық филиалы ашылды. Оның төрағасы болып кәсіби суретші Марат Қожахметов сайланды.

Жалпы біздің өңірде он саусағынан өнер тамған жиырмаға жуық қылқалам шебері бар. Олардың туындыларын қаламыздағы бейнелеу өнері мұражайынан тамашалауға болады. Өмірлерін өнердің осы саласымен байланыстырып, биік белестерді бағындырған шеберлер жақында ақ қайыңдар өлкесінің табиғаты бейнеленген көрме ұйымдастырған. Әрқайсысы өз алдына ерекше бір қайталанбас әдемілігімен жүректерді жаулап алар еңбектер акварель, гуашь, май сияқты бояулармен салынған.

– Жоспарлы шараларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. Ендігі мақсат – баға жетпес рухани және материалдық мұраны сақтай отыра, оның дамуына үлес қосу, – дейді Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Марат Қожахметов.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp