«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Суға зәру ауылдар

Облыс халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуде шешімін күткен мәселе аз емес. Өңірдің 42,5 мың тұрғыны тіршілік нәрін тасып ішуге немесе жергілікті су көздерін пайдалануға мәжбүр.

Облыс прокуратурасында заң­дылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамта­масыз ету жөніндегі үйлестіру ке­ңесінің отырысында осы мәселе тақырып өзегіне айналды. 

Жиында белгілі болғандай, өңірдегі 42,5 мың тұрғыны бар 202 ауылда су құбыры жоқ, об­лыстағы бар су құбыры 35 пайыз­ға тозған. Соның ішінде Петро­павл­да су беру желісі 58 пайызға, Ақжар ауданында 49 пайызға және Аққайың ауданында 43 пайызға ескірген.

Прокурорлардың айтуын­ша, сумен жабдықтаудың же­келеген көздері иесіз тұр, кей­бірі санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, суды тұты­ну­ға байланысты бекітілген та­рифтер жоқ. Сондай-ақ кей су беру нысан­дары сапасыз салынған, не болмаса жөн­делген, кей­бірін­де қалпына кел­тіру жұмыста­ры ұзаққа со­зы­лып кеткен.

Жиында ауызсуды тұтыну­ды есепке алу қажеттілігіне де баса назар аударылды.

Талқылау қорытындысы бо­йын­ша жергілікті атқарушы ор­гандарға, табиғи монополия­лар субъектілеріне және са­нитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жағдай­ды жақсарту және облыстың әрбір тұрғынын сумен қамта­масыз ету бойынша ұсыныстар берілді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp