
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құтқарушылары өңіріміздегі балықшылардың сүйікті орындарын ерекше бақылауға алған. Мереке күндері де жасақ құтқарушылары балықшыларға су айдындарында қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, рейд жүргізді.
48 балықшы қамтылған рейд барысында арнайы дүкендерде, сондай-ақ қысқы балық аулау орындарында жадынамалар таратылды. Балықшылармен және сатушылармен әңгімелесу кезінде құтқарушылар осындай алдын алу мақсатындағы рейдтер қайғылы оқиғалардың санын азайтуға септігін тигізетінін атап өтті.
Төтенше жағдай бола қалса, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!