«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

Көктем келіп, қар ери бастағанда жерлестеріміз тағы да әбігерге түсуі мүмкін. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бөлім бастығы Асхат Бәкішевтің айтуынша, 2016 жылғы және бұның алдындағы жағдайлар жіті зерттелді. Нәтижесінде, облыстағы 95 елді мекенді су басуы ықтимал деген болжам жасалды. Онда 1,5 мыңнан астам үй бар және 4,7 мың адам тұрып жатыр. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 50 шақырым болатын 153 автомобиль және теміржол учаскесіне қауіп төніп тұр. Қаланың шеткі аудандарын су басу қаупі бар.

Өңірде су тасқынының алдын алуға бағытталған шұғыл шараларға 226 млн. теңге қаражат бөлінген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp