«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылы­ғы құтқарушыларды су басу қаупі жо­ғары елді мекендерге жіберу жөнінде шешім қабылдады. Өзен-көлдердің жанында орналасқан 92 елді мекен қатаң бақылауға алынды. Бұл ауылдарда он мыңға жуық тұрғын бар. Атап айтар болсақ, Есіл, Шат, Шағалалы, Сілеті өзендері мен Үлкен Тораңғұл көлінде су деңгейі көтерілер болса, елді ме­кендерге қауіп төнеді. Осыған орай департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жасағының мамандары аталмыш аудандарға жіберілді. Әр топ 6 мотопомпамен және 4 қайықпен қамтамасыз етілді.

Уәлиханов, Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда жүрген жасақ өкілдері өзен-көлдерге мониторинг жасап, тасқынның ал­дын алуға жұмылдырылады. Ауылдарға су кіру қаупі туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге жеткізеді.
Биылғы көктемгі су тасқынының алдын алу және оның зардабын жою жұмыстарына облыс бо­йынша азаматтық қорғаныстың 16 қызметі және 14 жедел әрекет ету жасағы жұ­мылдырылатын болады. Жасақтың жеке құрамы екі мың адамнан тұрса, оған бар­лығы 1,5 мың техника бекітілген. Олардың еншісінде 345 су сорғыш техника мен 122 жүзу құралы бар. Жуырда департамент өкілдері Айыртау, Есіл, Тимирязев, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралап, тұрғындарға жа­ды­намалар таратты.


Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp