«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ ТАСҚЫНЫНА БАЛАЛАР ДА ДАЙЫН

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы Оқушылар сарайында «Су тасқыны кезіндегі тәртіп ережесі» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. Азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов балаларға су тасқыны бола қалған жағдайда ададмар өзін өзі қалай ұстау керектігі жайлы айтып берді. Су басу қаупі бар аймақта тұратын әрбір адам төтенше жағдайлар департаментінің ескертулеріне құлақ асуы және онда баяндалған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет. Алда-жалда төтенше жағдайға тап болуы мүмкін екенін ескеріп, алдын ала азық-түлік пен су қорын, жүзу құралдарын дайындауы, болмаса оларды қолдан жасауы, отбасының әрбір мүшесін жеке құтқару құралдарымен қамтамасыз етуі керек.

 Сонымен қатар сабақ барысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл жоғары оқу орны өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардан қорғау, азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші, өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі деген төрт мамандық бойынша маман даярлайды. Оқу орнын бітіргеннен кейін түлектерге «азаматтық қорғау лейтенанты» атағы беріледі.
 Интерактивті сабаққа 40 жалпы білім беретін мектеп қосылып, 650 оқушы қамтылды. Балалар бағыттайтын, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp