«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫН

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте облыс аумағында су тасқыны бола қалған жағдайда жедел әрекет ететін күштер мен құралдардың жай-күйі тексерілді. Департамент бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірге командирлермен және мамандармен танысып, олардың іс-қимылға дайындығы туралы хабарламаларын тыңдады. Ерік Темірханұлы техниканың, құрал-жабдықтың жарамдылығына, олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігіне назар аударды.

  «Өңірімізде су тасқыны бола қалған жағдайда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте 264 адам, 50 техника, 70-тен астам насос пен мотопомпа, 8 жүзу құралы сақадай сай дайын тұр», – деді департамент бастығының орынбасары.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда өңірімізде орналасқан Ұлттық ұлан бөлімшелерінен 60 адам мен 4 техника, облыстық полиция департаментінен 160 адам мен 100-ден астам техника бөлінбек. Бұған қоса жағдай қиындайтын болса, көршілес өңірлердің күштері мен құралдары көмекке келеді.
Ерік Темірханұлы еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және тұрғын үйлер мен аулаларды су баспауы үшін жеке меншік үйлердің аумақтарын және суағарлар мен жыраларды тазарту қажеттігін атап өтті.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp