
Есіл ауданында балық аулауға кеткен екі тұрғынның денесі судан табылды. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің жедел-құтқару жасағы 7 қараша күні күндізгі 14:40 шамасында Есіл ауданындағы Оседлое елді мекенінен бір шақырымдай жерде орналасқан тоғаннан екі адамның денесін алып шықты.
53 және 58 жастағы екі ер адам көрші Амангелді ауылының тұрғындары екен. Олар 6 қараша күні үйлерінен балық аулауға шығып кетіп, оралмаған. Мамандардың айтуынша, олар қазаншұңқырдан киімдерімен және жеке құтқару құралдарынсыз табылған.
Биыл суға шомылу маусымында 12 адам суға кетті. Соның жетеуі суға шомылу кезінде қаза тапса, тағы үшеуі балық аулап жүріп ажал құшқан. Сонымен қатар жыл басынан бері 24 адам құтқарылған.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі
департаменттің бас маманы.